Қырдың [қырдағы] қаракөзі

lat: Qyrdyń [qyrdaǵy] qarakózi

Ауылдағы қазақтың қызы.

Я сол Мәрусаны сүйгендей болғамын.  Бірақ мен соны алмақ болғам ба екем? Жоқ, мен қазақ, мен кең даланың баласымын. Менің үшін қырдың қара көзі қаланың бұраң белдерінен жүз есе сүйкімді, мың есе артық (М.Дулатов, Шығ.).

Сол айтқан қызығыңа бармас едім,

Көзімді бұраң белге салмас едім.

Соның бәрін қырдағы қара көздің,

Жаудырап бір қарасына алмас едім (Ж.Аймауытов, Шығ.).